Мәңгілік махаббат мұнарасы

«Ханым енді түсінді — шебер мынау сиқыр мұнараға өзінің өліп-өшкен соқыр махаббатынан басқа ештеңе бейнелемепті».

Махаббат — ұлы сезім. Дүниені аузына қаратқан хан да, талай жүректі жаралаған хас сұлу да, өлместің күнін кешкен құл да махаббаттың алдында дәрменсіз. Ал бұл сезім кім көрінгеннің жүрегіне ұяламайды. Махаббат мұнарасының сиқырын тек шын сүйе алатындар көре алады. 

Мұнара — символ. 
Мұнара — «алыстаса қиып кете алмайтын» жауапсыз махаббат.
Мұнара — «жақындағанмен бәрібір қолы жетпейтін» үмітсіз махаббат.
Мұнара — «өлімге де разы есірік дәмесін, ессіз құштарлығын бейнелеген» ұлы махаббат. 

Замана заңғары, сөз зергері Әбіш Кекілбаев осы бір сезімді «Аңыздың ақыры» атты романында шебер суреттеген. Алғашында «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарық көрген бұл роман аңыз желісімен жазылған. Басты кейіпкер үшеу ғана — Әмірші, Кіші ханым, Шебер. Оқиға алып мұнара төңірегінде өрбиді. 

Роман философиясы тереңде. Жазушы асыл мен алтынға толы пәниден бақыт таппаудан артық азап жоқ екенін айтады. Ал пенделік бақыт — махаббат. 

«Аңыздың ақыры» — Әбіш Кекілбаевтың қалың қауымға мәшһүр романы. Аты айтып тұрғандай, роман аңыз желісі бойынша жазылған. Жазушы негізгі кейіпкерлер — Әмірші, Кіші ханым, Шебер образын олардың ойы мен іс-әрекеті арқылы сомдап, қазақ әдебиетінде психологизмнің озық үлгісін жасаған.
Романда кейіпкерлерді байланыстырып тұрған мұнара төңірегіндегі оқиғалар баяндалып, тектілік, адалдық, сүйіспеншілік пен шынайылық сынды қасиеттер айшықты суреттеледі. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Foliantbooks.com сайтында сатылымда! 

Товары, упомянутые в статье
В наличии
Предзаказ
арт. 9786012718010
Әбіш Кекілбаев
3 044 тг.
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *