(1)

Аштық ойындары

Сьюзен Коллинз (ағыл. тіл. ауд. Л. Қоныс)

Описание

Жыл сайын Капитолийдегі билік бүкіл ел тікелей эфирден тапжылмай тамашалайтын «Аштық ойындарын» ұйымдастырады. Кезекті 74‑аштық ойынына қатысу үшін тартылған жеребе Кэтнисс пен оған сырттай ғашық боп жүрген Питаға түседі. Бала кезінен таныс олар аренада бітіспес жауға айналуы тиіс, өйткені жеңімпаз біреу ғана. Бұл — аштық ойындарының бұлжымас Заңы.
Балаларды алаңға жинап, бірін-бірі өлтіруге мәжбүрлеу — биліктің халыққа көрсеткен қоқан-лоққысы. Мұны көрген балалар ержеткенде өз еркіндігі үшін күресе алмайды. Тіпті бұл сұмдықтан тірі шығатын бала да некен-саяқ. Өкініштісі сол, осынау тірі қалу жолындағы арпалыс билік үшін жай ғана жарқыраған шоу іспетті…
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Показать полностью Свернуть
Характеристики
Тілі/Язык
Қазақ/Казахский
Жас ерекшелігі/Возраст
16+
Беттер саны/Количество страниц
264
Мұқабасы/Переплет
Қатты/Твердый
Қағазы/Бумага
Офсетная
Автор
Сьюзен Коллинз
Отзывы (1)
NoMad
«Аштық ойындары» — ғылыми фантастика жанрындағы жастарға арналған (young adult) кітап, сонымен қатар кейінгі кезде өзім қызыға оқыған кітаптардың бірі. Кітап желісі бойынша түсірілген аттас фильмді бірнеше рет көріп шықсам да, кей тұсында бас кейіпкер — Кэтнистің әрекет ету мотивін түсінбеген едім. Кітапта соның әр әрекеті ашылып, көркем суреттеледі. Кэтнис, Прим мен анасы үшеуінің ғұмыры айқын бейнеленеді. Кітапта сонымен қатар Гэйл—Кэтнис—Пита романтикалық желісі де орын тапқан. Өмір мен өлім, өткен шақ пен болашақ арасындағы таласта Кэтнис сезім тұзағына түседі. Антиутопия (дистопия) кітаптың алғашқы парағынан-ақ аңғарылады. Тоталитар режімдегі билік пен қажыған халық екі түрлі әлемде жасап келген. Алайда «От ханшайымы» аштық ойындарындағы өзінің соңғы шешімімен халық арасында көтеріліс рухын «тұтатып жібереді». Жалпы, «Аштық ойындары» жапон жазушысы Косюн Таками’дің «Battle Royal» кітабының сюжетіне сүйеніп жазылған. Дегенмен «Аштық ойындары» өзіндік стилін тауып, оқырманға жаңа идеялар ұсына алады. Кітаптың қазақшасына келсек, аударма мен редактура шебер жасалған. Бірен-саран қатеге назар аудармасақ, Лира Қоныс мәтінді ағылшын тілінен сапалы аударып, өз міндетін жақсы атқарған. Жауапты редакторы Фарида Тобашалова (және Ко) мәтінді тамаша өңдеп, әдеби көркемдеген. Мәтін редактурадан сапалы өткені алғашқы сөйлемдерден-ақ байқалады. Кітаптағы оқиға желісіне сай мамандар орманға, аң аулауға, сондай-ақ тарығу мен шайқасқа байланысты қазақша сөздер мен тұрақты тіркестерді өз орнымен шебер қолдана білген. Мәтін жылдам әрі еркін оқылады. Кітап мазмұнының үш бөлімі — The Tributes, The Games, The Victor — қазақшаға ҚАСІРЕТ, ЖАНТАЛАС, ЖЕҢІС деп бейімделген. Тікелей аудармасы болмаса да, мәтін мазмұнын дәлме-дәл ашып тұр. Дегенмен «әттеген-айы» да бар. Неге екенін білмедім, Hunger games деген тіркес біресе «аштық ойындары», біресе «тірі қалу ойындары» болып кеткен. Flame princess те солай: біресе «от патшайымы», біресе «алау ханшайымы», т.с.с. Негізі атаулар мен catchphrase’дер біркелкі аударылғаны абзал. Олар жиі қолданылатын болған соң, оқырман белгілі бір ассоциация құра бастайды. Ал біркелкі болмаса, құдды екінші немесе үшінші акт кезінде жаңа ақпарат бергендей сезім туады. Техникалық жағынан мұқабасы тартымды, кітап жақсы түптелген, парағы жинақы. Қағаз түсі ақ, қарпі Serif, көзге жағымды. Жалғасын зор ынтамен оқымақпын. P.S. Кітаптың артында мәтіннен үзінді берілген. Жалпы, бұл — өзі жақсы нәрсе. Алайда бұл кітаптың сыртында редактурадан өтпеген мәтін тұр. Оның үстіне бұл мәтін — үлкен спойлер. Ру бірнеше тарауда негізгі рөл ойнайтын кейіпкерлердің бірі. Ал мұқабада Рудың көз жұмғаны анық меңзеліп тұр. Фолианттың басқа кітаптарында да көбіне спойлер жазылып тұратынын байқап жүрмін. P.P.S. «Аштық ойындары» романы туралы Уикипедияға ақпарат салып қойсаңыздар болады. ;)
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг.
1 шт.
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *