Көшпенділер. Алмас қылыш
Предзаказ
(2)

Көшпенділер. Алмас қылыш

Ілияс Есенберлин

Описание

Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма — қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі.
Трилогияның «Алмас қылыш» атты бірінші кітабында ХV-ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының құрылуы, Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың кезінде қазақ руларының бірігіп, Қазақ хандығының қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілқайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің таққа, билікке таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар баяндалған.

Показать полностью Свернуть
Характеристики
Тілі/Язык
Қазақ/Казахский
Серия
Сөз Маржан
Жас ерекшелігі/Возрастное ограничение
16+
Шыққан жылы/Год выпуска
2021
Беттер саны/Количество страниц
368
Мұқабасы/Переплет
Қатты/Твердый
Қағазы/Бумага
Офсетная
Автор
Ілияс Есенберлин
Отзывы (2)
Құралай
Foliant баспасынан жақында ғана Көшпенділер эпопиясының бірінші кітабы “Алмас қылышты”оқып бітірдім. Мен өзім тарихқа қатты қызығамын, І.Есенберлиннің осы еңбегін көптен бері оқығым кеп жүрген, осы кітапқа қолым жетіп, қатты қуандым. Өз еліңнің тарихын білгің келсе алдымен осы “Көшпенділер” эпопиясын оқуды ұсынамын. Кітапты оқи отырып, әлемді жаулап алушы- Шыңғысхан және оның ұрпақтары жайлы тарихи шындықтарды автор нақты фактімен келтіріп отырған. Сол заманнан бастау алатын барша қазақтың тарихи кезеңін бүкпесіз сипаттаған. Кітап үшін Foliant баспасына алғыс!
Тоғжан
Foliant баспасының “Көшпенділер” эпопеясының үш кітабын да оқып шықтым. Бабалар ғұмырынан ғибрат аларлық шығарма екен. Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыры жайлы сыр шертеді. Кітаптың ішіне үңілген сайын автор оқырманды қолынан жетектеп алады да, бұралаң жолға салып жібереді. Бұл романды оқи отырып жоңғар, орыс, қытай - үш жақтан бірдей қыспаққа жеңілмей, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлардың ерлігіне шын тәнті болдым. Қазақ болмысында тұнып тұрған көрегендік, шешендік, намысшылдық, өткірлікті қазір көре алмайтынымызға да ашындым. ⠀ Жылқының етін жеп, қымыз-қымыран ішіп, жазда жайлауда қоныстанған көшпелі халқымыздың эстетикасы жанға қандай жағымды! Қазақы буынды босататын дәмді, тәтті, майлы ойларға бөгіп қаласың. Сол үшін құр оқи бермей сананың саңылауын ашу керек. Әр оқиғаны ой-сүзгі, ми-таразыға салып, жадыға жатталып қалғаны жөн. ⠀ Мектеп кезінде жаттап, қиналып оқыған Қазақстан тарихын осы кітаптың арқасында 1 ақ айда түсініп алдым. Оған дейін “неге осы қазақтар өркениеттен қалып қалған”, “бізде мәдениет болмаған ба”, “ресейге қосылмағанда не болар еді” деген секілді сан түрлі сұрақ санамда сайрайтын. Барлығына мардымды жауап алдым. Foliant баспасына рахмет!!
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг.
1 шт.
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *