Менің оғаш ойларым. Орхан Памук
Предзаказ
(1)

Менің оғаш ойларым. Орхан Памук

Менің оғаш ойларым. Орхан Памук. Түрік тілінен ауд. Г. Файзолла

Описание

«Менің оғаш ойларым» – Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктың алты жыл бойы жазған романы. Осы кезге дейін жазған туындыларының ішіндегі Стамбұл тарихын айшықтай түсетіні де осы романы.
Шығармадағы оқиға қырық жылдан астам уақытта – 1969 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта өтеді. Бас кейіпкер Мевлут Караташ шалғайдағы ауылдан Стамбұлға қоныс аударғандардың қатарында еді. Оның көз алдында мемлекеттік төңкерістер орын алып, билік ауысып жатты. Ата кәсібін жалғастырған, жалпы түрік халқының дәстүрін сақтаған Мевлут қана көше аралап, айран мен боза сатуын сол қалпынша жалғастыра береді.

Показать полностью Свернуть
Характеристики
Тілі/Язык
Қазақ/Казахский
Серия
Нобель Сыйлығының Иегері
Шыққан жылы/Год издания
2019
Беттер саны/Количество страниц
632
Мұқабасы/Переплет
Қатты/Твердый
Қағазы/Бумага
Офсетная
Отзывы (1)
Ляззат
Фолиант баспасынан көшпенділер кітабының жанталас бөлімі мен нобель сыйлығының иегері Орхан памуктың кітабына тапсырыс бердім.Кітаптың атауы Менің атым Қырмызы.Шыны керек , аудармашының тікелей сөзбе сөз аударғаны қатты ұнады , құдды нақышкерлердің әлеміне кіріп кеткендей сезімде болдым.Шырын мен Хұсрауды Қара мен Шекуреге ұқсаттым.Жәй бір роман болып көрінгенімен , зейін қойып , мұқият оқыған адамға кітаптың берері көп.Түркияның атмосферасын сезіну үшін ,Орхан Памуктың кітабын оқыса жеткілікті.Ал оны фолиант баспасынан табуға болатынына көзім жетті. Қырмызының тарихы тереңде жатыр ,кітап маған : Қарадай мақсатына айқын болуды,Шекуредей қамқор болуды,Хасандай қайсар болуды ,Естердей махаббаттың тілін түсінуге үйретті. Қаншама сезім , кітапты оқыған соң неге Қара бақытты бола алмады?Мақсаты орындалса да дүниеден баз кешкеніне қапа болдым.Бір сөзбен кейіпкермен бірге қуанып , бірге қайғырдым.Мұңын,шерін қайғысын түсіндім, сездім.Кітаптың қызықтығы сондай қауырт тіршіліктен тыныштық тауып , демде оқып бітірдім.Алдағы уақытта ,бұнымен тоқтамаймын Ұлы Гэтсби,Жарқыраған мың күн ,Фаренгейт бойынша 451^,Сол,т.б кітаптарын сатып алмақ ойымда бар.Маған салса фолиант баспасының барлық кітабын сатып алар ем.Рақмет Фолиант сенімімізге селкеу түсірмедің,кітап сүйер оқырманға таңғажайып сезім сыйладың!!!Орысша оқыған мен қазақша шығарма оқығанның әсері бөлек, орысша сөзді аса түсіне алмауымыз , байыбына бара алмауымыз мүмкін.Ал қазақ тілі туған тіл болғандықтан жілігін шағып,майын ішетіндей халде болмасақта , жазылған ,жарық көрген кітаптарды алып оқып, тың дүние алуға тырысамыз…Бұл әлі соңы емес….
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг.
1 шт.
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *